Алдын ала тапсырыс
Артқа
Geely Galaxy Preface от 11 890 000 ₸
Модельді ашу
Артқа
Geely Galaxy Cityray от 9 990 000 ₸
Модельді ашу
Geely Galaxy EX5 от 13 490 000 ₸
Модельді ашу
Geely Galaxy EX5 EM-i от 12 890 000 ₸
Модельді ашу
Артқа
Geely Galaxy Cityray от 9 990 000 ₸
Модельді ашу
Geely Galaxy EX5 от 13 490 000 ₸
Модельді ашу
Geely Galaxy EX5 EM-i от 12 890 000 ₸
Модельді ашу
Geely Galaxy Preface от 11 890 000 ₸
Модельді ашу
Русский

Кепілдік

Geely-Galaxy автомобильдеріне кепілдік

Geely-Galaxy автокөлігінің иесі бола отырып, Сіз бізге толық сенім арта аласыз. Біз Geely-Galaxy автомобильдерінің сапасына сенеміз және Сіздің өз көлігіңізді жүргізген әр сәттен ләззат алғаныңызды қалаймыз.

Зауыттық кепілдік

Автомобильдің кепілдік пайдалану мерзімі Сатушы-дайындаушы белгілеген талаптарға сәйкес, сервис (кепілдік) кітабында көрсетілген шарттар бойынша есептеледі және келесі модельдер үшін құрайды:

Preface
  • • Бүкіл автомобиль: 48 ай немесе 150 000 км
  • • Қозғалтқыш / трансмиссия: 60 ай немесе 150 000 км
Citiray
  • • Бүкіл автомобиль: 48 ай немесе 100 000 км
  • • Қозғалтқыш / трансмиссия: 60 ай немесе 150 000 км
EX5 EM-I
  • • Бүкіл автомобиль: 72 ай немесе 150 000 км
  • • Тарту батареясы, электрқозғалтқыш, электрқозғалтқыш контроллері: 96 ай немесе 150 000 км
  • • Қозғалтқыш / трансмиссия: 72 ай немесе 150 000 км
EX5
  • • Бүкіл автомобиль: 72 ай немесе 150 000 км
  • • Тарту батареясы, электрқозғалтқыш, электрқозғалтқыш контроллері: 96 ай немесе 150 000 км
Коммерциялық мақсаттағы көліктер (барлық модельдер): 12 ай немесе 100 000 км

Кепілдік мерзімі Автомобильді Сатып алушы қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен және сервис кітабындағы кепілдік тіркеу талондағы белгі қойылған күннен бастап есептеледі.

Кузовқа кепілдік

Өндіруші автомобильдің қалыпты жағдайда пайдаланылғаны және сервис кітабында көрсетілген мерзімдер бойынша техникалық қызмет көрсетіліп тұрғаны дәлелденсе, кузов элементтерінде коррозиядан болған зақымдарды кепілдік мерзімі ішінде тегін жөндеуге міндеттенеді.

Маңызды: Кузов элементтеріне кепілдік құқығын сақтау үшін авторизацияланған дилер көлікті әр 6 ай сайын тексеруі тиіс (тексеру құны – клиент есебінен).

Пайдалану нәтижесінде пайда болған және тексеру кезінде анықталған кузов ақауларын жою – ақылы түрде жүргізіледі.

Антикоррозиялық кепілдік бойынша жөндеу кепілдік мерзімін ұзартпайды. Кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін өндіруші мен субагенттің барлық кепілдік міндеттемелері тоқтатылады, тіпті автомобиль көрсетілген жүру қашықтығынан аз жүрсе де. Егер автомобиль кепілдікте көрсетілген максималды жүріс көлеміне жетсе, кепілдік мерзіміне қарамастан міндеттемелер тоқтатылады.

Шектеулі кепілдік

Автомобильдің төменде көрсетілген құрамдас бөлшектеріне қысқартылған кепілдік мерзімі белгіленеді:

12 ай немесе 20 000 км
  • • 12V аккумуляторлық батареялар
36 ай немесе 60 000 км
  • • Амортизатор, шаровый наконечник
  • • Лак-бояу жабыны, шыны
  • • Аспа подшипниктері
  • • Генератор, стартер
  • • Каталитикалық нейтрализатор
  • • Турбонагнетатель
  • • Тежегіш дискілері / барабандары
  • • Мультимедиялық блок, камералар
  • және басқа компоненттер
3 ай немесе 5 000 км
  • • Шиналар, тежегіш колодкалары
  • • Сүзгілер (ауа, май)
  • • Оталу шамы
  • • Брелок батарейкасы
  • • Шыны сүрткіш щеткасы
  • • Предохранитель және реле
Қосалқы бөлшектерге кепілдік

Кепілдік төменде көрсетілген жағдайларға таралмайды:

  • • Қалыпты пайдалану барысында тозатын немесе ауыстыруды қажет ететін шығын материалдары, майлау материалдары, техникалық сұйықтықтар және басқа да элементтер
  • • Барлық түрдегі сүзгілер
  • • Оталу шамдары
  • • Хладагент (фреон)
  • • Шыны тазалағыш щеткалары
  • • Жарық беру лампалары
  • • Локализацияланған қосалқы бөлшектер
  • • Автокөліктің жұмыс қабілеттілігіне әсер етпейтін әлсіз бөтен дыбыстар, шу, діріл (акустикалық дискомфорт санатына жататындар)
  • • Сальниктер мен тығыздағыштар аймағында пайда болатын май іздері (жеңіл «запотевание»), егер ол май шығынына әсер етпесе

* Табиғи тозу — бөлшектің (түйіннің немесе агрегаттың) қоршаған орта әсерінен немесе қалыпты пайдалану салдарынан жарамдылығының төмендеуі.