Қызмет көрсету келісімшарты – бұл Geely-Galaxy иелері үшін автомобильдің жоғары қалдық құнын және артықшылықтарын сақтайтын бағдарлама. Бұл арқылы тұрақты ТҚК (Техникалық Қызмет Көрсету) жүргізіледі.
«Қызмет Көрсету Келісімшарты» Geely-Galaxy Дилерімен жасалады және жаңа көліктерге арналған алдағы ТҚК жұмыстарын қамтиды. Бұл жұмыстардың құны келісімшартқа қол қойылған кезде бекітіледі және бағаның ықтимал өсуі ескерілмейді.
Бағдарлама зауыт-өндірушінің және сервистік кітапшаның ұсыныстарына сәйкес автомобильдің барлық міндетті ТҚК жұмыстарын қамтиды.
Автомобильдің жағдайы мен жүрісіне байланысты, міндетті ТҚК-дан басқа, клиентке бөлек төленетін қосымша ақылы сервистік операциялар қажет болуы мүмкін.
«Қызмет көрсету келісімшарты» VIN-кодқа байланған. Автомобиль сатылған кезде келісімшарт жаңа иеленушіге, пайдаланылған автокөліктің қосымша құнымен, беріледі. Шарт бұзуға жатпайды. Клиенттің Келісімшартқа қосылу үшін төлеген сомасы қайтарылмайды.
Дилер тек Geely-Galaxy-дің түпнұсқа запас бөлшектері мен шығын материалдарын пайдаланады.
Дилер Клиентке «Қызмет көрсету келісімшарты» өніміне қосылғаны туралы сертификат береді.
Дилер клиенттің есепке алу базасына бұл клиентке белгіленген сомаға «Қызмет көрсету келісімшарты» бекітілген ақпаратты клиент картасына «тіркейді».
Дилер «Қызмет көрсету келісімшарты» қосылған Клиенттерге сервисқа басым жазылу уақытын қамтамасыз етеді, сондай-ақ клиентті ТҚК өту уақыты туралы жеке хабардар етеді (клиентке жеке қоңырау).
Клиент ТҚК қызметтерін тек Келісімшарттың тарапы болып табылатын Дилерден ғана алуға құқылы (Geely-Galaxy Дилерінің сервисінің мекенжайын көрсету қажет).
«Қызмет көрсету келісімшарты» туралы толық ақпаратты Сіз өз қалаңыздағы Дилерден немесе 6688 тегін нөмірі бойынша тікелей ала аласыз.